Сейсенбі, 31 марта, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамҚарағандыда ұландықтар балаларға қуаныш сыйлады

Қарағандыда ұландықтар балаларға қуаныш сыйлады

Қарағанды қаласында орналасқан 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қамқорлық көрсету, оларға мейірім мен жылулық сыйлау болды, деп жазады QazNews.kz

Кездесу барысында әскери қызметшілер балалармен емен-жарқын әңгімелесіп, түрлі ойындар ұйымдастырды. Сондай-ақ, олар балаларға тәттілер мен сыйлықтар табыстап, қуанышқа бөледі. Балалар гвардияшылармен бірге уақыт өткізіп, ерекше әсерге бөленді.

Әскери бөлім өкілдерінің айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары жас ұрпаққа қолдау көрсетуге, олардың бойында сенім мен үміт қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл іс-шаралар әскери қызметшілердің қоғаммен байланысын нығайтып, патриоттық тәрбиені дәріптеуге ықпал етеді.

Шара соңында балалар әскери қызметшілерге алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін жеткізді. Ал гвардияшылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

 

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр