Жұма, 27 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарДүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жаңа сайты таныстырылды

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жаңа сайты таныстырылды

2026 жылғы 25 наурызда Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жаңа ресми сайты – 9qumalaq.world таныстырылды. Бұл жоба ұлттық зияткерлік ойынды халықаралық деңгейде дамыту және цифрландыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады, деп хабарлайды QazNews.kz.

Жаңа платформа заманауи технологиялар негізінде әзірленіп, пайдаланушыларға кең мүмкіндіктер ұсынады. Атап айтқанда, сайтта жасанды интеллектке негізделген арнайы ойын бөлімі бар. Бұл арқылы қолданушылар тоғызқұмалақ ойнап, өз шеберлігін жетілдіре алады.

Сонымен қатар, сайтта федерацияға мүше елдер мен аймақтық ұйымдардың рейтингтік жүйесі енгізілген. Бұл халықаралық бәсекелестікті арттырып, ұйымдардың жұмыс тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Жаңа интернет-ресурс тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде насихаттауға, оның зияткерлік спорт ретіндегі мәртебесін күшейтуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр