Сейсенбі, 24 марта, 2026
spot_img
Басты бетQAZNEWS TVКибералаяқтар туралы комедия прокатқашықты - «Байқа! Алаяқ!»

Кибералаяқтар туралы комедия прокатқашықты — «Байқа! Алаяқ!»

Алматы қаласында «Байқа! Алаяқатты жаңа детективтік комедияның премьерасы өтті. Фильмнің режиссері — Дархан Саркенов, ал жобаның инвесторы — Tolqyn Film Fund жеке киноқоры. Картина 19 наурыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады, деп хабарлайды QazNews.kz

Фильм қазіргі замандағы өзекті тақырыптыкибералаяқтық пен адамдардың сенгіштігін қозғайды. Оқиға желісінің ортасында — онлайн қылмыстармен күрес бөлімінде жұмыс істейтін полиция қызметкері. Алайда тағдырдың тәлкегімен оның өз ата-анасы алаяқтардың құрбанына айналады.

Tolqyn Film Fund бас директоры Эрнар Құрмашевтің айтуынша, фильм тек әлеуметтік мәселені көтеріп қана қоймай, нағыз отбасылық туындыға айналған:

«Көбіне онлайн алаяқтардың құрбаны қарт жастағы адамдар болып табылады. Бұл фильмдедәл сондай оқиға. Сюжет бойынша ата-ана балалары жинаған ақшаны алаяқтарға беріп қойып, кейін бәрін өздері түзетуге тырысады. Егер фильм кем дегенде бір адамды алаяқтардан сақтандырсадемек, ол бекер түсірілмеген», дейді Құрмашев.

Қазақстандағы венчурлық модель бойынша толықметражды фильмдерге инвестиция салатын алғашқы жеке киноқор үшін бұл екінші жоба. Алғашқысы режиссер Әлішер ӨтевтіңДәстүр: Теріс бата фильмі, ол прокатта 876 млн теңге жинаған. «Байқа! Алаяқфильмінен де осындай жоғары нәтиже күтілуде.

Көрермен қызығушылығын режиссердің аты да арттырып отыр. Дархан Саркеновотандық киноның ең өнімді режиссерлерінің бірі. Тек өткен жылдың өзінде ол жеті фильм түсіріп, соның ішінде Қолыңнан келсе алып қашатты хиті прокатта миллиардтан астам табыс тапқан.

Фильмде Қуандық Шәкіржанов (“Жас емес жұбайлар”), Бақыт Әліпбаева (“Күшік құда”), Жазира Еркін (“Қызым”), Бексұлтан Піләл(“Патруль”) және Жахан Отарғалиев (“Джохан”) ойнайды. Бексұлтан үшін бұл жоба ерекше маңызғаие:

«Бұл менің басты рөлдердің бірін сомдаған алғашқы ірі жобам. Мен алаяқтарға қарапайым адамдар арасынан құрбандар табуға көмектесетін дропперді ойнаймын», — деді ол.

«Байқа! Алаяқфильмі 19 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр