Жұма, 13 марта, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпЕрбол Хамитов Паралимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын медаль сыйлады

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын медаль сыйлады

фото: olympic.kz

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындары аясында пара биатлоннан қудалау жарысында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медаль алып берді, деп хабарлайды QazNews.kz 

Отандасымыз жарыс барысында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қарсыластарынан озып шықты. Осылайша, ол ел қоржынына алтын медаль салып, Қазақстан спорт тарихында тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл медаль Ербол Хамитов үшін аталған ойындардағы екінші жүлде болып отыр. Бұған дейін ол 10 наурыз күні шаңғы спринтінде қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасына алғашқы жүлдені сыйлаған болатын.

Қазақстандық спортшының бұл жетістігі ел спорты үшін үлкен мақтаныш. Пара спорттағы мұндай табыстар отандық спортшылардың әлемдік аренада бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр