Ағымдағы жылдың 12 наурызында Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алды, деп хабарлайды, QazNews.kz
Алдын ала деректер бойынша, оқиға қаруды пайдалану кезінде жіберілген абайсыздық салдарынан орын алған.
Әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты әрі объективті түрде тексеру үшін оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары басшылығымен арнайы комиссия жіберілді. Тергеу барысы ҚР Бас әскери прокуратурасының бақылауына алынды.
Атырау гарнизонының баспасөз қызметі


