Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтар22 млн теңгелік күртеше. Желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың киімі талқылануда

22 млн теңгелік күртеше. Желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың киімі талқылануда

Threads әлеуметтік желісінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың киімі қызу талқылануда,  деп жазады QazNews.kz

Желі қолданушыларының бірі жариялаған жазбада облыс әкімі үстіне киген күртешенің Stefano Ricci брендінен екені және оның бағасы шамамен 22 миллион теңгеге жуық екені айтылған. Сонымен қатар, автордың мәлімдеуінше, әкімнің гардеробында Moorer маркалы шамамен 900 мың теңге тұратын күртеше де бар.

Аталған жазба әлеуметтік желіде аз уақыт ішінде тарап кетті. Адамдардың пікірі екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі мемлекеттік қызметкердің қымбат киім киюін сынға алып, бұл мәселе қоғам назарында болуы тиіс деп есептейді.

Ал екінші тарап, керісінше, облыстағы оң өзгерістерге назар аударып, әкімнің киіміне мән бермейтінін жеткізген. Олардың пікірінше, бастысы – өңірдің дамуы мен атқарылып жатқан жұмыстар.

«Оның өте бай адам екені қызылордалықтарға бұрыннан белгілі. Бірақ қаланың қалай өзгеріп жатқанын да бәрі көріп отыр», – деп жазды желі қолданушылары.

Қазіргі таңда әкімдік тарапынан немесе Нұрлыбек Нәлібаевтың өзінен аталған киімдердің құны мен олардың нақты өзіне тиесілі екеніне қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр