Жамбыл облысында әйел 5 және 3 жастағы балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген, деп жазады QazNews.kz
Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
«Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.
Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, 2021, 2023 жылы туған балалар стационарға бас-ми жарақатымен және мидың жедел ісінуі диагноздарымен түскен.


