Жексенбі, 8 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарБурабайда жол саласындағы сапаны арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды

Бурабайда жол саласындағы сапаны арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды

Бурабайда Жол активтері сапасының ұлттық орталығы басшылығының қатысуымен автомобиль жолдары саласындағы сапаны арттыруға бағытталған жұмыс кездесуі өтті. Ақыл-ой талқысы және пікір алмасу форматында ұйымдастырылған жиында жол құрылысы мен күтіп-ұстау саласындағы өзекті мәселелер кеңінен қаралды.

Кездесу барысында сапаны бақылау жүйесін жетілдіруге қатысты бірнеше негізгі бағыт айқындалды. Соның бірі –«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазАвтоЖол» ҰК, сондай-ақ облыстық және аудандық деңгейдегі уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимыл регламентін нақтылау мәселесі.

Аталған регламент жол құрылысы, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп-ұстау нысандарында сапаны бақылау кезінде тараптардың жауапкершілік аймақтарын айқындауға бағытталған. Бұл өз кезегінде бақылау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы ретте Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының бөлім басшысы Айдар Бейспеков жол саласындағы сапаны арттырудың маңызын атап өтті.

«Бүгінде жол сапасын арттыру тек бақылаумен шектелмеуі тиіс. Барлық қатысушы тараптардың жауапкершілігі нақты айқындалып, жұмыс процестері жүйелі әрі ашық болуы қажет. Өзара іс-қимыл регламенті жол саласындағы сапа мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», – деді Айдар Бейспеков.

Кездесу барысында жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау кезінде QR-код жүйесін енгізу мәселесі де талқыланды. Бұл цифрлық шешім материалдардың шығу тегі, зертханалық сынақ нәтижелері және қолдану тарихы туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл адами факторды азайтып, бақылаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жиында Кайдзен қағидаттары аясындағы 5S кеңістікті басқару жүйесін енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталған жүйе жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыруға, артық қозғалыстар мен уақыт шығындарын қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.

Жиынның басты мақсаты – жол саласындағы сапаны бақылау жүйесін жетілдіру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және жұмыс процестерін оңтайландыру арқылы автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр