Жексенбі, 8 февраля, 2026
spot_img
Басты бетМәдениет және шоу-бизнесНұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі TikTok-та белсенді бола бастады

Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі TikTok-та белсенді бола бастады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Алиева TikTok әлеуметтік желісінде жеке парақшасын белсенді жүргізе бастады,  деп жазады QazNews.kz

Лора Алиева – Нұрали Әлиевтің қызы. Нұрали Әлиев – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы, марқұм Рахат Әлиевтің баласы. Жақында жарияланған бейнелерінің бірінде Лора Алиева өмірден өткен атасы Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтан Назарбаевқа арналған жазба жариялады.

Нұрали Әлиев пен оның жұбайы Аида Әлиева (Берік Имашевтің қызы) төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Лора Алиеваның TikTok-тағы белсенділігі әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, қызу талқылануда.

Еске салайық, биыл қаңтар айында Нұрали Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты. Бұған дейін, 10 қаңтар күні ол Instagram желісінде The Spark of Light атты жаңа жобасын іске қосқанын хабарлаған болатын. Бұл жоба саналы өмір салты, ішкі тепе-теңдік пен менталдық саулық мәселелеріне бағытталған.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр