Қаржы министрлігі Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге сомасына дивиденд заңсыз төленгенін анықтады, деп жазады QazNews.kz
Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қызметінен кемшіліктерді анықтаған.
Тексеріс барысында акционер емес заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасына дивиденд заңсыз төленгені әшкереленген.
«Бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Тексеріс нәтижелері бойынша тиісті қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылды. Бұл ақша әуежайды дамытып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен басқа да сервистерді жақсартуға бағытталады», — деп жазылған хабарламада.


