Дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАқтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: 4 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: 4 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды,  деп жазады QazNews.kz

25 қаңтарда сағат 17:00-де Ақтөбе – Орынбор тасжолының Құрайлы ауылы маңында үш көлік жол апатына ұшыраған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша Ақтөбе қаласынан Мартөк ауылына бағыт алған Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Hyundai Solaris көлігімен соқтығысты. Соққыдан Honda Odyssey бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан», — деді полиция.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Honda Odyssey көлігінің бір жолаушысы және ВАЗ-2110 көлігінің бір жолаушысы зардап шеккен, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді полиция.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments