Дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026
spot_img
HomeБасты тақырыпСерік Сәпиев пен оның орынбасарының арасындағы дау: өңір әкімі не дейді?

Серік Сәпиев пен оның орынбасарының арасындағы дау: өңір әкімі не дейді?

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасындағы оқиғаға байланысты пікір білдіріп, бұл мәселеге асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайтынын атап өтті,  деп жазады QazNews.kz

Оның айтуынша, тексеріс пен тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі.

«Тәртіпбұзушылық бар, ол үшін жауапкершілік те болуы тиіс. Сонымен қатар, заң талаптарына сәйкес үздіксіз атқарылуы қажет жұмыс бар. Бұл жөнінде біз бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: бұл жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ, басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазір тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі», – деді өңір басшысы аппарат кеңесі барысында.

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажет екеніне ерекше назар аударды.

Еске салайық, бұған дейін Серік Сәпиев соққыға жығылып, орынбасары тергеуге алынғанын хабарлаған едік. Бұл оқиғаға байланысты Қарағандының Спорт басқармасында аудит жүргізіледі.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments