Шымкентте адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды, деп жазады QazNews.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, бұл жайт бойынша қасақана кісі өлтіруге оқталу және өлтіру, адам ұрлау, сондай-ақ, қару қолданып жасалған бұзақылық баптарымен тергеу басталған.
«Бірнеше күдікті ұсталды. Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің бірнеше бөлімше жетекшісі жіберілді. Олар мән-жайды анықтап, полицейлердің әрекетін тексереді», — деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланды.


