Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Анкарада өткен тоғызқұмалақтан Азия Кубогында Қазақстан бірінші орын алды

    23 декабря, 2025

    «Маған қазақ тілі керек емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана айналасында жанжал шықты

    23 декабря, 2025

    Жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы тиіс

    23 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 24 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Үлкен сахнаға шығуға арланбайды: Әншілер Мұрат Әбділдәні сөкті
    Айтарым бар

    Үлкен сахнаға шығуға арланбайды: Әншілер Мұрат Әбділдәні сөкті

    22 октября, 2024210 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде танымал болған Мұрат Әбділдәнің Республика сарайында ән шырқағанын сөгіп, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасаған QazNews.kz

    Оның айтуынша, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Мұрат Әбділдә деген адамның Республика сарайында ән салып тұрған видеосы тарады.

    «Ойлаңызшы, Республика сарайында. Еліміздің тарихи-мәдени маңызды нысанында. Қазақтың мыңдаған таланты сол сахнаға шығуды армандаған, мыңдаған дарынды қазақ сол сахнаға шыға алмай, арманда кетті. Ол жігіт елдің азы мен тозы емес шығар, оның адами кескін-келбетіне тілімді тигізе алмаймын. Бір жағынан қарағанда оның Республика сарайында ән салғаны қылмыс та емес шығар. Бірақ, ағайындар-ау, Республика сарайының сахнасы — Роза Бағланова секілді аңыз адамның маңдай терімен салынған, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлт тағдыры шешілген, ең маңызды тарихи шешімдер қабылданған, бірнеше күннен кейін тойланғалы тұрған Республика күнінің негізі болған тәуелсіздік деклорациясы қабылданған қасиетті орын емес пе еді?», — дейді әнші.

    Ақбота Керімбекованың айтуынша, ол сахнаға шығу үшін мың есе лайықты әрі таланттырақ адамдар бүкіл тағдырын арнап өткен.

    «Біздің өзіміз музыка мектебінде оқып, өнер академиясында кәсіби дағдымызды қалыптастырып, 30 жылға жуық тынымсыз еңбек етіп келе жатсақ та, тіземіз дірілдеп, зорға шығамыз. Өзімізге сенімсіздіктен емес, кішкентайымыздан жадымызда қалыптасқан киелі сахнаға деген құрметімізден. Жалпы айтқанда, ол сахна — мемлекеттің мінбері, ұлттың негізгі трибунасы, өте маңызды орын ғой. Енді сол ұлттық мінберге шыққысы келгеннің бәрі шыға бере ме?! Осы шенеуніктер өздеріне келгенде құқық талап еткіш, ар сақтағыш, дәл солай неге мемлекеттің бас сахнасын сақтамайды?! Мәдениет саласының ары да, намысы да — сахна. Сахнаға шығарған адамына, сахнада көрсеткен дүниесіне қарап саланың деңгейін көруге болады», — дейді ол.

    Эстрада әншісі өнерге қатысы жоқ адамдар ән айтамыз десе, Республика сарайынан басқа орын толып жатыр дегенде алға тартып отыр.

    «Дарынсыз, өнерсіздерге сахнадан, оның ішінде Республика сарайынан басқа да ән салып, әуселе қоятын жер жетіп артылады ғой Қазақстанда. Біздің кейбір әріптестер ел айтып жүргендей, «әртіс десе, әртіс». Оларға бәрібір… Осы жолы да «сен тимесең, мен тиме» болып отыра беретін шығар… Сахнаға қоймен шығарса, бірге маңырап тұра беретіндей… Арланбайды», — дейді ол.

    Ақбота Керімбекова Мұрат Әбділдә Республика сарайы
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Қазақ елі Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды

    23 декабря, 2025

    Бикен Римова атындағы драма театрына академиялық мәртебе берілді

    18 декабря, 2025

    Димаш Құдайберген БҰҰ-ның жаһандық ізгілік елшісі болып тағайындалды

    9 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    23 декабря, 2025

    Анкарада өткен тоғызқұмалақтан Азия Кубогында Қазақстан бірінші орын алды

    2025 жылғы 16–22 желтоқсан аралығында Түркия Республикасының Анкара қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Түркия Тоғызқұмалақ…

    «Маған қазақ тілі керек емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана айналасында жанжал шықты

    23 декабря, 2025

    Жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы тиіс

    23 декабря, 2025

    Қазақ елі Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды

    23 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.