Бейсенбі, 3 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҮкімет мүшелерінің құрамы жасақталды

Үкімет мүшелерінің құрамы жасақталды

Қазақстанда жаңа Үкімет құрамы белгілі болды. Президенттің шешімімен Премьер-министр бастаған министрлер кабинеті жасақталып, негізгі ведомстволарға жетекшілік ететін тұлғалар анықталды. Үкімет құрамына Премьер-министр, оның орынбасарлары және салалық министрлер кіреді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Премьер-министр қызметін Олжас Бектенов атқарады. Оның бірінші орынбасары болып Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасарлары қызметтерін Ғалымжан Қойшыбаев, Қанат Бозымбаев, Серік Жұманғарин және Жаслан Мәдиев атқарады.

Министрліктердің басшылығына төмендегі тұлғалар тағайындалған:

  • Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі;
  • Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі;
  • Мұхтар Тілеуберді – Сыртқы істер министрі;
  • Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;
  • Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;
  • Мәди Такиев – Қаржы министрі;
  • Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
  • Арман Қырықбаев – Мәдениет және ақпарат министрі;
  • Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;
  • Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі;
  • Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
  • Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
  • Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
  • Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;
  • Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
  • Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі;
  • Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі.

Осылайша жаңа Үкімет құрамында бірқатар тәжірибелі шенеуніктер өз қызметтерін сақтап қалса, кейбір министрліктерге жаңа басшылар келді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр