Жексенбі, 25 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарТүркістан облысында екі бала отшашудан жарақат алып, ауруханаға түсті

Түркістан облысында екі бала отшашудан жарақат алып, ауруханаға түсті

Түркістан облысында отшашу атамын деп екі бала жарақат алды, деп жазады QazNews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға Сарыағаш қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Жасөспірімдер пиротехникалық бұйымдарды ересектердің бақылауынсыз пайдаланған.

Ведомствоның мәліметінше, пиротехникадан зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Осыған байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мереке күндері қауіпсіздік шараларын күшейту туралы елдегі барлық білім беру ұйымдарына ресми хат жолдаған. Сонымен қатар елді мекендер аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынғаны ескертілді.

Айта кетейік, егер заңбұзушылықты 16 жасқа толмаған бала жасаса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі. Бұл жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (78 640 теңге) айыппұл қарастырылған.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments