Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2 июля, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Суббота, 12 июля
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Алматы жолдарының сапасы: бақылау мен жауапкершілік қатар жүруде

      23 июня, 2025

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025

      Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Таяу Шығыста жаңа ірі соғыс бастала ма?
    Әлем

    Таяу Шығыста жаңа ірі соғыс бастала ма?

    6 октября, 2024319 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Израильдің Ливанға шабуылы

    30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні Израильдің қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігінде «Солтүстік жебе» атты құрлықтық операциясын бастады. Израильдік әскерлердің шекараның бірнеше бөлігінде алға жылжығаны хабарланды. Кейінірек Израиль армиясының танктері Рмейш елді мекеніне кірді. АҚШ Иран тарапынан зымыран шабуылының мүмкіндігі туралы Израильге ескерту жасады. Операция «Хезболла» позицияларын жаппай атқылаумен басталды. Бейбіт тұрғындарға алдын ала эвакуациялану туралы ескерту жасалды.

    Иран қалай жауап қайтарды?

    Иран сейсенбі кешінде Израильге жаппай зымыран соққысын жасады. Тегеран мұны «Хезболла» және ХАМАС топтарының жетекшілерінің қазасына жауап ретінде жасағанын мәлімдеді. Иран Израильге массалық зымыран шабуылын ұйымдастырды. Израиль әскері елге атылған 180 зымыранның басым бөлігін құлатты. Бірақ, зымырандық шабуыл нәтижесінде Иордан өзенінің Батыс жағалауында бір палестиндік қаза тапты, Орталық Израильде бір мектеп ғимараты зардап шекті, ал Тель-Авивте мейрамханаға зиян келтірілді.

    Нетаньяху не деді?

    «Иран бүгін кешке үлкен қателік жасады – және ол үшін жауап береді. Ирандағы режим бізді қорғауға және жауларымыздан кек алуға деген шешімімізді түсінбейді, – деді Нетаньяху өз үндеуінде. – Біз орнатқан ережеге сәйкес әрекет етеміз: кім бізге шабуыл жасаса, біз де оған шабуыл жасаймыз». Міне, осылай, қазір Таяу Шығыста жағдай өршіп тұр.

    Қазақстан қандай шаралардың алдын алуда?

    Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылды, деп хабарлады елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

    «Сыртқы істер министрлігінде қазақстандықтарға қажетті көмекті ұйымдастыру бойынша барлық жұмысты жедел түрде үйлестіретін жедел штаб құрылды. Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері де осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан азаматтарының зардап шеккені немесе қаза тапқаны туралы ақпарат түскен жоқ», — деді Смадияров сәрсенбі күнгі брифингте.

    Ол Қазақстан азаматтарының шетелде құқықтары мен мүдделерін қорғау сыртқы істер министрлігінің басты басымдығы екенін атап өтті.

    «Біз отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, кез келген жағдайда қолдау көрсетеміз. Соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісіп кетті. Осыған байланысты Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы дипломаттары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл елдерде жүрген Қазақстан азаматтарымен байланыс арналары құрылды. Оларға жағдайдың өзгеруіне қарай тиісті кеңестер беріліп, тұрақты байланыс сақталуда. Бірнеше рет елшіліктер әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты елден кету қажеттілігі туралы азаматтарымызға хабарлама жасады.

    Консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі үнемі жаңартылып отырады. Бүгінгі таңда Израильде 120, Иранда – 102, Ливанда – 139 Қазақстан азаматы, соның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері консулдық есепте тұр», — деп нақтылады спикер.

    Сондай-ақ ол сыртқы істер министрлігі референдумның орталық комиссиясымен бірлесіп, әскери-саяси жағдайдың қиындауына және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Израиль, Иран және Ливанда референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

    «Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп, репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды бақылауда ұстап отыр. Әзірге Израильдің халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуде.

    Ал, Иранда 3 қазан таңына дейін барлық рейстер тоқтатылды.

    1 қазанға дейін Ливандағы 100-ден астам шетелдік елшіліктің ешқайсысы өз азаматтарын эвакуациялаған жоқ. Бұл туралы Ливан билігі де ешқандай нұсқау берген жоқ. Сондықтан біздің азаматтарды эвакуациялау мәселесі әлі де ерекше бақылауыда тұр. Біз отандастарымызды қиын жағдайда қалдырмаймыз. Шетелдегі әрбір Қазақстан азаматының қауіпсіздігі – сыртқы саясат ведомствосының басты міндеті», — деп атап өтті Смадияров.

    Барлық азаматтардың консулдық есепке тұрмайтыны себепті Қазақстан азаматтарымен байланыс орнату және тізімдерді жасау белгілі бір уақытты қажет етеді. Сондықтан біз барлық Қазақстан азаматтарын барған елдерінде консулдық есепке тұруға шақырамыз», — деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

    Оның айтуынша, сыртқы істер министрлігінде және Израиль, Иран мен Ливандағы шетелдегі мекемелерде «жедел желілер» ашылған, олардың мәліметтері брифингтен кейін бірден сыртқы істер министрлігінің және елшіліктердің ресми ресурстары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады.

    «Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста шиеленістің күшеюіне байланысты терең алаңдаушылық білдіреді. Біз барлық қатысушы тараптарды бейбіт тұрғындардың құрбан болуына жол бермеу және аймақтағы жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін күш қолданудан бас тартып, ұстамдылық танытуға шақырамыз. Осыған байланысты БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық қағидалары негізінде келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін шұғыл шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтеміз. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың жағдайды тұрақтандыруға және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдайтынын растайды», — деді Смадияров.

    Қазақстан полициясының синагогаларды қорғауына алуының себебі неде?

    Қазақстанда полиция патрульдеу маршруттарын синагогалар мен Израильдің дипломатиялық нысандарына жақындатқанын анықтады, ‑ деп хабарлады КазТАГ тілшісі.

    «Елшіліктер әрдайым (Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа қарамастан – КазТАГ) полицияның қорғауында болады. Барлық діни нысандар да ұзақ уақыттан бері ІІМ (ішкі істер органдары) бақылауында тұр, патрульдеу маршруттарын осы нысандарға жақындаттық, қосымша ОҰО (оперативті басқару орталықтары – КазТАГ) камералары арқылы іргелес аумақтың бейнемониторингі жүргізіледі», — деп сәрсенбі күні КазТАГ редакциясының сұрағына жауап бергенде ІІМ ақпараттық саясат департаментінің басшысы Шыңғыс Әлікешев мәлімдеді.

    Дегенмен, бұдан «Мұның астарында елімізде діни радикализмнің күшейгенін білдіретін себеп‑салдар жоқ па?» деген сұрақ туындайды. Өйткені, Қазақстан дәл осындай «құтқару операциясын» Сирияға діни соғысқа аттанған қазақстандықтарға жасағаны күні кеше ғана болатын – естен шыққан жоқ. Ендеше, Таяу Шығыстағы діни астары бар шиеленістің Қазақстанда орын алмауының алдын алу шараларын жүргізу еліміздің қауіпсіздігі үшін аса қажет деп білеміз.

    Ақпарат: Abai.kz

    Израиль Иран Ливан соғыс Таяу Шығыс
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2 июля, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 552 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 271 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    9 июля, 2025

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    фото. Egemen.kz  Қазақстан — сан ғасырлық тарихы мен мәдениетіне бай ел. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен…

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2 июля, 2025

    Қарқара жайлауында дәстүрлі қымызмұрындық өтті

    27 июня, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.