Сәрсенбі, 7 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТараз маңында 15 жастағы жасөспірім көз жұмды: күдікті қамауға алынды

Тараз маңында 15 жастағы жасөспірім көз жұмды: күдікті қамауға алынды

Тараз қаласына жақын маңдағы елді мекенде 15 жастағы оқушының қаза болуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Марқұмның ата-анасы ұлдарының өзінен үлкен жасөспірімдердің әрекетінен көз жұмғанын айтып отыр, деп хабарлайды qaznews.kz.

Оқиға жасөспірімдер футбол алаңына жиналған кезде болған. Марқұмның әкесінің сөзінше, сол жерде үлкендеу балалар кішілерге күш көрсеткен. Оның айтуынша, Миятбек кезектің соңында тұрған кезде кеуде тұсынан соққы алған.

«Балаларды кезекпен ұрып жатқан. Ұлым ешкімге тиіспей, телефонына қарап тұрған. Бір соққыдан кейін құлап қалды. Алғашында оны есінен танып қалды деп ойлаған. Кейін жедел жәрдем шақырылғанымен, балалар оқиға орнынан кетіп қалған», – дейді марқұмның әкесі.

Жасөспірім ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Әзірге құқық қорғау органдары бұл оқиғаның әлімжеттік салдарынан болғанын ресми түрде растаған жоқ. Белгілі болғандай, марқұм мен күдікті бір лицейде оқыған және көрші тұрған.

Марқұм жерленгеннен кейін күдіктінің туыстары оның отбасына барып, көңіл айтып, кешірім сұраған. Баланың ата-анасы оларды кешіргендерін жеткізді.

Қазіргі уақытта 16 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр