Экология және табиғи ресурстар министрлігі табиғатқа жіберілген Үміт атты жолбарыстың жабайы ортадағы алғашқы 10 күні қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Ведомство мәліметінше, жолбарыстың мойнына тағылған GPS-қарғыбау арқылы оның жүрген аумақтары анықталып, кейін мамандар сол жерлерде далалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Министрліктің хабарлауынша, алғашқы күндердің өзінде-ақ Үміттің өздігінен аң аулай алатыны белгілі болған.
– Жолбарыс қасқырды аулап, бірнеше күн бойы сонымен қоректенген. Кейін жабайы қабанды да сәтті қолға түсірді, – деп мәлімдеді министрлік.
Қазіргі уақытта мамандар жыртқыштың қозғалысын күн сайын бақылап, оның табиғи ортаға бейімделу процесін қадағалап отыр.


