Сенбі, 7 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарСІМ Ақпарат комитеті: тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде танытуға мүдделіміз

СІМ Ақпарат комитеті: тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде танытуға мүдделіміз

Бүгін Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының Президенті — Алихан Байменов және атқарушы директоры — Серік Ақтаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің жауапты қызметкерлері — Данияр Байбеков мырза және Айнұр Ахметова ханыммен тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде насихаттау жұмысындағы әріптестікті дамыту туралы кездесу өткізді.

Алихан Байменов тоғызқұмалақтың бүгінгі күні Әлемде кеңінен қанат жайғанын және оның қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңа формаларда насихатталып жатқанын, былтыр бір сәтте 100 мемлекеттің IP адресінен ойналғанын, біраз елдерде тоғызқұмалақ Федерацияларының құрылғаны туралы ақпарат бере келе, ары қарай бірлескен жұмыста маңызды бағыттарын атап өтті.

Өз тарапынан Халықаралық ақпарат комитетінің өкілдері осы істердегі жаңа мүмкіндіктерді және бірлескен жобалардағы мүмкіндіктерді ұсынды. Кездесу өте мазмұнды және болашаққа бағытталған жоспарлады жүзеге асыру бағытында өтті.

 

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр