Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Алматыда жас ақындар айтысы өтті

    5 декабря, 2025

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім анасын пышақтап өлтірді: жаңа деректер

    5 декабря, 2025

    «Импорт тым көп»: Тоқаев ауыл шаруашылығындағы басты проблеманы атады

    5 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Суббота, 6 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Шекаралық аудан шаруашылығы: Қой қазақыланса, картоп еуропаланып жатыр
    Жаңалықтар

    Шекаралық аудан шаруашылығы: Қой қазақыланса, картоп еуропаланып жатыр

    20 мая, 20251 002 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы облысының Райымбек ауданы – экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген аудан. Өңір «Нарынқол картобымен» танымал. Оған қоса, мал шаруашылығы, оның ішінде ет-сүт және тері-жүн өнімдері жолға қойылған. Дегенмен, шешімін таппаған мәселелер де бар, деп хабарлайды QazNews порталы Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

    Аудан әкімі Берік Дүйсенбаев арнайы баспасөз туры барысында ауданда мал саны мен өсімі жақсы екенін атап өтті.

    «47 мыңдай жылқы, 80 мыңнан астам ірі қара, 30-40 түйеміз бар. Мал саны көп, бірақ сапа жағынан істейтін жұмыс көп. Осы орайда, аудан шаруалары асыл тұқымды мал шаруашылығына бет бұрып жатыр. Қойға келсек, бүгінде шаруалар меринос қойдан бас тартып, өзіміздің қазақы қой өсірумен айналысып жатыр. Бәрі демесек те, басым бөлігі. Асыл тұқымды мал ет-сүт бағытындағы ауыл шаруашылығын дамытуға серпін береді», – деген аудан әкімі Кеген мен Райымбек аудандарына ортақ ет комбинаты күніне 25 тонна ет қабылдай алатынын тиек етті.

    Әкім сөзінше, комбинат толық қуатпен жұмыс істеуі үшін жыл он екі тұрақты мал келіп отыруы керек. Бірақ, шаруалар күзде жайлауда семірген малын сатуға үйреніп қалған, ал жыл бойы мал бордақылауда мәселе көп.

    Сондай-ақ, ауданда үш жыл бұрын іске қосылған Qarasaz Food сүт зауытында да осыған ұқсас мәселе бар. Зауыт тәулігіне 40 мың литр сүт өңдей алады, дегенмен қазір 15 мың литр өніммен (2 жыл бұрын 2 мың болған) шектеліп отыр. Зауыт күш алуы үшін шикізат сүт үзілмей келіп отыруы тиіс. Әзірге мәселе ауылдарда зауыт үшін сүт сатып алатын орындарды ашумен шешіліп отыр.

    Нарынқолдың символына айналған картоптың да шығымы өткен жылы төмен болған. Оның себептерін «Алтын дән-1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жетекшісі Дулат Құлмамыров атады.

    «Райымбек ауданында егістік алқабын, оның ішінде картоп шаруашылығын дамыту үшін су мәселесін шешу керек. Сол үшін тамшылатып суару әдісін енгіздік, 250 метр тереңдіктен су шығаратын қондырғыны іске қосып жатырмыз. Сол суды 30 мың текше метрлік қоймаға жинап, егістіктерге тамшылатып суару жүйесімен үнемді түрде жібереміз», – деді ол.

    Кооператив жетекшісі, сондай-ақ, өткен жылы картоп түскен ауру да оның шығымына кері әсерін тигізгенін айта келе, соңғы жылда Нидерландтар елінен әкелінген «Аризона», «Артемис», «Агрия» сынды картоп сорттары егіліп жатқанына тоқталды. Бұл сорттар аудан географиялық жағдайына тез бейімделгіш. Биылдың өзінде 200 тонна картоп тұқымы егу үшін әкелінген.

    Фото: Самат Құсайынұлы

    Айта кетейік, қазір ауданда жыл сайын шамамен 50 мың тонна картоп алынады. Оның 10 мыңы тұқым ретінде сақталып, 40 мыңы Алматы облысы мен Алматы қаласына сатылады. Аудан басшылығы жаңа технологиялар көмегімен су мәселесі шешілсе, картоп шығымын екі есеге дейін арттыруды көздеп отыр.

     

     

    Берік Дүйсенбаев картоп мал шаруашылығы Нарынқол Райымбек ауданы шаруашылық
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Алматыда жас ақындар айтысы өтті

    5 декабря, 2025

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім анасын пышақтап өлтірді: жаңа деректер

    5 декабря, 2025

    «Импорт тым көп»: Тоқаев ауыл шаруашылығындағы басты проблеманы атады

    5 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 554 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 378 Views
    Оқылып жатыр
    5 декабря, 2025

    Алматыда жас ақындар айтысы өтті

    Бүгін қасиетті қарашаңырақта Абай университеті және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Қазақта қара…

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім анасын пышақтап өлтірді: жаңа деректер

    5 декабря, 2025

    «Импорт тым көп»: Тоқаев ауыл шаруашылығындағы басты проблеманы атады

    5 декабря, 2025

    Олжас Сүлейменов Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

    5 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.