Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамБерекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы мәдениет үйінің Cowоrking залында «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» атты мерекелік кездесу өтті.

Шара барысында отбасы құндылықтарының маңыздылығы, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет жайлы терең ойлар ортаға салынды. Қатысушылардың арасында ардагерлер, жас отбасылар және қоғам белсенділері болды.

Ардақты ардагерлер мен үлгілі отбасылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін арнады. Кездесуде әсем әндер шырқалып, қатысушыларға естелік сый-сияпаттар табысталды.

Осы мазмұнды кездесудің басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Берекелі де бақытты отбасылар көбейе берсін!

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр