Қарағандыда боксшы Серік Сәпиев соққыға жығылды, деп жазады QazNews.kz
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Айта кетейік, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазіргі полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», — деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.


