Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетСаясат«Атамекен» ҰКП президиумының тізгінін Қанат Шарлапаев алды

«Атамекен» ҰКП президиумының тізгінін Қанат Шарлапаев алды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке 2025 жылдың қыркүйегінде президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан кеткен Қанат Шарлапаев тағайындалды,  деп жазады QazNews.kz

2022 жылдан бері ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келген.

Қанат Шарлапаев әр жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі болды.

Ал 2025 жылғы 28 ақпаннан 25 қыркүйекке дейін президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр