Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтетін күнді белгіледі, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа құрамдағы Құрылтай депутаттары 28 тамызда Астанада алғаш рет бас қосады.
Осылайша, 23 тамызда өткен сайлаудан кейін жасақталған жаңа Құрылтайдың жұмысы ресми түрде басталмақ.
Еске салайық, алдын ала есеп бойынша, сайлаушылардың басым бөлігі «Әділет» партиясына дауыс берген. Партия 71,17% дауыс жинаған.


