Дүйсенбі, 24 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚұрылтай сайлауы: екі партия қажет дауыс санын жинай алмады

Құрылтай сайлауы: екі партия қажет дауыс санын жинай алмады

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Qaznews.kz.

ОСК мәліметінше, ел бойынша 12 623 289 сайлаушының ішінен 9 351 539 адам дауыс берген. Осылайша, алдын ала есеп бойынша сайлауға қатысу көрсеткіші 74,08 пайызды құрады.

Алдын ала нәтижелерге сәйкес, партиялар мынадай дауыс жинаған:

  • «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%)
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 574 621 дауыс (6,26%)
  • Respublica партиясы – 509 631 дауыс (5,56%)
  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 478 083 дауыс (5,21%)
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс (5,11%)
  • Қазақстан халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%)
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 97 751 дауыс (1,07%)

Сондай-ақ, «Барлығына қарсы» нұсқасын таңдағандардың үлесі 2,51 пайызды құрады.

Осылайша, алдын ала нәтижелер бойынша «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялар Құрылтайға өту үшін қажетті 5 пайыздық межеден асты. Ал Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» партиясы бұл межеге жете алмады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр