2026 жылғы 14-24 тамыз аралығында Моңғолияның Өлгей қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Жарысқа 11, 13, 15, 17 жасқа дейінгі Моңғолия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінің спортшылары қатысып жатыр.

Жарысты Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесіп өткізіп жатыр.

Тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер құрама командасының іссапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Спортты қолдау қоры демеушілік қолдау көрсетіп отыр.


