Сенбі, 21 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпЖеліде салық режимі туралы қазақша хабарлама сынға ұшырады

Желіде салық режимі туралы қазақша хабарлама сынға ұшырады

Салық органдарының қазақ тіліндегі хабарламасы қызу талқыға түсті,  деп жазады QazNews.kz

Салық органдарының салық режимін өзгертуге қатысты түсіндірмесі қазақ тілінде берілгенімен, оны түсіну қиын болған.

«Арнаулы режимине катысушы, колданылатын салык салу режими туралы хабарлама усыну кажет екенин хабарлаймыз Хабарламаны белгиленген мерзимде усынбаган салык…», — делінген тұрғынға келген хабарламада.

Видео авторы мұндай ақпарат тарату ұят екенін айтып, назарға алып, шара қолдануды сұрады.

Қазақстандықтар бұл видеоны қызу талқылай түскен.
«Соттау керек бұндайды! Өз еліміздің өз тілімізді әбден қорлап шаршатты», «Салық департамент ғана емес ұшақта да қазақ тілінде ежіктеп оқиды, орыс тілі мен ағылшын тіліндегі хабарламалар таза, өзіміз ұяламыз, сонда таза қазақ тілінде хабарламаны жеткізу соншалықты қиын болғаны ма?», «Қор болған қазақ тілі», — деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.
Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр