Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақстандық зейнеткерлер айына орта есеппен қанша алады?

Қазақстандық зейнеткерлер айына орта есеппен қанша алады?


Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі зейнетақының орташа мөлшерін атады, деп жазады QazNews.kz

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 3 трлн 868 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 252,4 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 2 трлн 615,6 млрд теңге бағытталған.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 524 мың адамды құрайды.

«2025 жылғы 1 желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге», – деп хабарлады министрлік.

 

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments