Депутаттар президенттің Жоғарғы соттың алты судьясын қызметінен босату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Ұсынысты Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов таныстырды.
Сәкен Абдолла мен Аслан Тукиев Конституциялық сотқа ауысты. Мемлекет басшысы оларды 2026 жылғы 23 қыркүйекте тиісті жарлықпен тағайындаған.
Ал Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова құрметті отставкаға шықты.


