Сәрсенбі, 2 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстан халқы жаңа межеден асты

Қазақстан халқы жаңа межеден асты

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады. Мәліметке сәйкес, елімізде 20 604 819 адам тұрған, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Осылайша, республика халқы жаңа межеден асты: 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 20 590 589 адам өмір сүрген. Жыл басынан бергі жалпы өсім 104 997 адамды құрады.

Елдегі ең көп халық қоныстанған өңірлер бұрынғысынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы болып отыр. Бұл өңірлерде тиісінше 2 379 793 және 2 144 993 адам тұрады.

Халқы 1 миллионнан асатын қалалар мен облыстар қатарында:

  • Астана – 1 690 605 адам;
  • Алматы облысы – 1 614 234 адам;
  • Шымкент – 1 313 348 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 211 705 адам;
  • Қарағанды облысы – 1 130 313 адам.

Сонымен қатар елордада халық санының ең жоғары өсімі тіркелді – 3,14 пайыз. Салыстыру үшін айтсақ, 1 шілдеде Астанада 1 682 721 адам тұрған. Демек, бір айдың ішінде еліміздің бас қаласына шамамен 8 мың жаңа тұрғын қосылған.

Осы қарқын сақталса, алдағы екі айда Астана халқының саны 1 миллион 700 мың адамдық межеден асуы мүмкін.

Ал халық саны ең аз өңірлер қатарында:

  • Ұлытау облысы – 217 670 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 511 455 адам;
  • Абай облысы – 591 903 адам.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың басым бөлігі – 13 211 759 адам – әлі де қалаларда тұрады. Жыл басынан бері қала халқының саны 126 649 адамға артқан.

Ал ауылдық жерлерде 7 393 060 қазақстандық өмір сүріп жатыр. Көрсетілген кезеңде ауыл халқының саны 21 652 адамға азайған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр