Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Мәлік Отарбаев Абай университетінде дәріс оқыды

    10 октября, 2025

    Наурызбайский район обновляет детские сады: три учреждения отремонтированы с начала года

    7 октября, 2025

    Алматыда көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі және цифрландыруға арналған VI Еуразиялық форум өтуде

    3 октября, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 15 октября
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Наурызбайский район обновляет детские сады: три учреждения отремонтированы с начала года

      7 октября, 2025

      Жамбылда колледж студенттерінің бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы

      26 сентября, 2025

      QS-2026: Абай университеті — әлемдегі үздіктердің бірі

      25 сентября, 2025

      «Антқа адал, тілге жанашыр – майор Жанар Ибрагимова»

      25 августа, 2025

      Қалам мен қаруды тең ұстаған: Қарағандыдағы ақын сарбаз

      20 августа, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Қасиетті қара шаңырақта басталған жаңа тарих
    Жаңалықтар

    Қасиетті қара шаңырақта басталған жаңа тарих

    29 сентября, 2025326 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2025 жылдың 26 қыркүйегінде Абай университетінде 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Qosh keldin, Student» студенттік қабылдау кеші өз мәресіне жетті. Бұл кеш студенттер мен оқуға түскен талапкерлер үшін ерекше есте қаларлық сәт болды.

    Кеш сағат 16:00-де салтанатты түрде ашылып, дәстүрлі фанфардың даусымен және Абай университетінің жас өнерпаздарының «Abai enerjy» биімен жалғасты. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Анапияұлының жалынды құттықтау сөзі студенттерге үлкен сенім мен шабыт сыйлады.

    – Ұлы Абайдың есімін иеленген қарашаңыраққа қош келдіңіздер! Сіздер үшін арман ақиқатқа айналды. Кешегі 8 мыңнан астам талапкер бүгін Абай университетінің шәкірті. Елімізде 127 жоғары оқу орны бар, бірақ сіздер еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны – Абай университетін таңдадыңыздар. Өйткені, Абай – дана қазаққа, Абай университеті – дара қазақта. Жүз жылға жуықтаған тарихы бар қасиетті қара шаңырақ бойларыңыздағы жігер мен талантқа жарық жол ашады деп үміттенем, – деген Б.Тілеп салтанатты түрде шараны ашты.

    Биылғы ҰБТ-дан 140 балл алып, Абай университетін таңдаған Санжар Қуандықұлы білім жолындағы жауапкершілікке байланысты барлық бірінші курс студенттерінің атынан ант берді.

    Кеш барысында университеттің талантты студенттері сахнада үздік өнерлерін көрсетті. Әлеуметтік желіде танымал, Абай жастарының жүрегіне жол тапқан «Абайымнан тапқаным» әнінен бастап, «Жас STAR» тобының заманауи поппурилері, филология факультетінің «Айдай» би тобының әсерлі «Abai World» биі, шетелдік студенттердің қазақ тіліндегі «Абайға арнау» әні және «Көшедегілер» жайдарман командасының әзілдері кештің сәнін кіргізді. Сонымен қатар, «A-BLUSE band» тобының жаңа музыкалық нөмірлері жастарды әуен мен ритмге бөледі.

    Қазақ эстрадасының жұлдыздарының сахнаға көтерілуі одан әрі салтанат көрігін қыздыра түсті. Құнды хедлайнерлер қатарында QANAY, Қуандық Рақым, Бағлан Әбдірайымов және Нұрболат Абдулин сынды танымал әншілер өнер көрсетті. Сонымен бірге, факультеттер арасында өткен «Үздік стиль» байқауы ерекше қызығушылық тудырып, жеңімпаздарға сауда орталықтары мен университеттің қолдауымен бағалы сыйлықтар табысталды.

    Студенттер мен қонақтар кеш соңында ұйымдастырылған би кешінде көңілдерін көтеріп, ерекше атмосферада әдемі уақыт өткізді. Пайдаланылған жарық эффектілері, аспандаған әуе шары мен салтанатты отшашу шараның ерекше көркемдігін арттырды.

    Шараға қатысқан студенттер «Абай университетінің студенті атану – үлкен мәртебе»деп мақтанышпен атап өтті. Олар бұл кештен алған әсерлерін бөлісе отырып, білім алудың, өнерге деген сүйіспеншіліктің және бірлік сезімінің қаншалықты маңызды екенін ерекше сезінгендерін жеткізді.

    – «Мен Абай университетінің студенті екеніме шын жүрегіммен мақтанамын. Осындай ерекше кешке қатысып, өзімді білім ордасының бір мүшесі ретінде сезіндім. Бұл шара бізге жаңа достар табуға, шығармашылық қабілеттерімізді көрсетуге мүмкіндік берді», – дейді еліміздегі тұңғыш университеттің табалдырығын жаңа аттағанАйжан.

    Ұйымдастырушылар жас шәкірттерге алдағы уақытта да осындай рухты көтеретін, білім мен өнерді ұштастыратын кештердің жиі өтетінін жеткізді. Сөйтіп, қара шаңырақта жаңа тарихтың жаңа парағы ашылды.

    Абай университеті алғашқы қадам білім жоғарғы білім оқу орны студенттер
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Мәлік Отарбаев Абай университетінде дәріс оқыды

    10 октября, 2025

    Наурызбайский район обновляет детские сады: три учреждения отремонтированы с начала года

    7 октября, 2025

    Алматыда көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі және цифрландыруға арналған VI Еуразиялық форум өтуде

    3 октября, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 553 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 438 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 274 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views
    Оқылып жатыр
    10 октября, 2025

    Мәлік Отарбаев Абай университетінде дәріс оқыды

    Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты…

    Наурызбайский район обновляет детские сады: три учреждения отремонтированы с начала года

    7 октября, 2025

    Алматыда көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі және цифрландыруға арналған VI Еуразиялық форум өтуде

    3 октября, 2025

    СІМ Ақпарат комитеті: тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде танытуға мүдделіміз

    30 сентября, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.