Бейсенбі, 22 қаңтар, 2026
spot_img
HomeҚоғамМал шаруашылығын қолдаудың жаңа шаралары іске қосылды

Мал шаруашылығын қолдаудың жаңа шаралары іске қосылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі саланы дамытуға бағытталған нақты шешімдерді жүзеге асыруда,  деп жазады QazNews.kz

Енді мал азығын дайындауға арналған техникалар жеңілдікпен қаржыландырылады. Жылдық мөлшерлеме — небәрі 5 пайыз. Бұл мақсатқа 50 миллиард теңге бөлініп, мал азығы базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен мал шаруашылығына арналған айналым қаражаты қарастырылған. Оның да жылдық мөлшерлемесі — 5 пайыз, ал жалпы қаржы көлемі 225 миллиард теңгені құрайды.

Бұл шаралар өндірістік циклдің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мал басын көбейтуге, өнімділікті арттыруға және саланың тұрақты дамуына жол ашады.

Мал шаруашылығы — ел экономикасының маңызды саласы.

Жаңа қолдау — ауылдың дамуы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне берік негіз.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments