Сәрсенбі, 9 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпГрантын өтемеген түлектерден мемлекетке 7 млрд теңге түсті

Грантын өтемеген түлектерден мемлекетке 7 млрд теңге түсті

Қазақстанда білім гранты негізінде оқып, кейін еңбек міндеттемесін орындамаған түлектерден бүгінге дейін шамамен 7 миллиард теңге өндірілген, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік грантпен білім алған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін мамандығына және білім беру бағдарламасына қарай өз саласы бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, мемлекет оқу шығындарын кері өндіріп алуға құқылы.

Мамандардың айтуынша, грант иегерлері үшін тегін білім алу белгілі бір жауапкершілікті де жүктейді. Қазіргі уақытта еңбек өтеу міндеті шамамен 350 мың азаматқа қатысты. Алайда олардың ішінде жұмыс орнын растамаған немесе міндеттемесін орындамаған 6 мыңнан астам түлек бар.

Қаржы орталығы АҚ мониторинг департаментінің жетекші маманы Ақзира Серікқалидың айтуынша, ауылдық квота арқылы педагогикалық мамандық бойынша білім алған түлектер ауылдық жердегі білім беру ұйымдарында еңбек етуге міндетті. Сондай-ақ жалпы конкурс негізінде оқуға түскен педагогика және медицина саласының түлектеріне де осындай талап қойылады.

Сала мамандарының мәліметінше, соңғы жылдары еңбек міндеттемесін орындамаған грант иелерінен мемлекет қазынасына 7 миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарылған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр