Дүйсенбі, 7 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпЕкі айда 200-ден астам жемқорлық әшкереленді

Екі айда 200-ден астам жемқорлық әшкереленді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2026 жылдың шілде-тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық дерегін анықтады, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Комитеттің хабарлауынша, тергеуі аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 3,7 миллиард теңгеге жеткен.

Тіркелген құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі пара алу және беру, қаржы жымқыру, алаяқтық жасау, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне қатысты.

Жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті ретінде танылған.

Есепті кезеңде 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сот қарауына жіберілген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр