Вторник, 20 января, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтар«Басшы тұрақтамайтын басқарма»: Ерлан Жақыпов 1,5 ай жұмыс істеп, қызметінен кетіп қалды

«Басшы тұрақтамайтын басқарма»: Ерлан Жақыпов 1,5 ай жұмыс істеп, қызметінен кетіп қалды

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Жақыпов бір жарым ай болмай қызметінен кетті, деп жазады QazNews.kz

Бұл туралы редакцияға дереккөз хабарлады. Ішкі саясат басқармасының ресми сайтында да басшылыққа қатысты ешқандай ақпарат берілмеген. Тек екі орынбасары көрсетілген.

Айта кетейік, Ерлан Жұмашұлы Бағанашыл балалар үйіне қатысты даудан соң қызметтен кеткен Ерік Абитовтің орнына келген. Ерлан Жақыпов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында лауазымды қызметтер атқарған, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы болған.

Журналист Ардақ Айбарұлы бұл ауыс-түйістің себебін былай деп көрсетіпті.

«Өлгенді де естіртеді», – дейді ғой. Басшы тұрақтамайтын ішкі саясат басқармасы «Самғауды» бұл жолы да қорғай алмапты. Облыс басшысының жаңадан тағайындаған адамы 1,5 ай жұмыс істеп, «докторантураға түстім» деген желеумен қырық сылтауын айтып, қызметінен кетіп қалған. Әрине, бұл әкімге үлкен минус. Ерік Әзілжанұлы Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты шыққан дау-дамайдан соң қызметімен қош айтысқан кезде «Жетісу облысынан Айдар Карбозұлы Башбаевтың кандидатурасын ұсыныңыздаршы осы қызметке», – деп, айтудай-ақ айттық. Бірақ естір құлақ болмады. Міне, енді араға аз ғана уақыт салып, сол сөзді тағы қайталауға тура келіп тұр…» — деп жазды ол.

Расында да, әкімдік тарапынан әзірге Ерлан Жақыпов қызметінен кеткені жөнінде ресми ақпарат болмады.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments