Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Түркістан облысында мал субсидиясына қатысты 271 млн теңге жымқырылған

    8 января, 2026

    Атырау облысында жоғалған отбасы: полиция күдіктіні атады

    8 января, 2026

    Әскери қызметкерлер ұлымды “ауру” деп айтуға мәжбүрледі — Шымкентте қаза тапқан сарбаздың әкесі

    8 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Четверг, 8 января
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Атыраудағы жұмбақ жоғалу: отбасының бір мүшесі камераға түсіп қалған
    Басты тақырып

    Атыраудағы жұмбақ жоғалу: отбасының бір мүшесі камераға түсіп қалған

    7 января, 202649 Views
    видеодан кадр
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    6 қаңтар күні Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін із-түссіз жоғалған отбасының екі мүшесінің мәйіті табылды. Ал қараша айында олардың қыздарының бірін көрші аудандағы жанармай құю бекетінде бейнебақылау камералары тіркеген, деп жазады QazNews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, жоғалып кеткендердің екеуінің денесі тұрғын үй ауласындағы қора маңынан табылған. Алдын ала болжам бойынша, мәйіттер сол жерде шамамен екі ай бойы жатқан. Қайтыс болғандардың нақты кім екені әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

    Айта кетейік, Жангелдин ауылында зейнеткер Мақсот Мұқанғалиев, оның жұбайы Насип Үтешқалиева және олардың 35 жастағы қызы Мейрамгүл мен 33 жастағы ұлы Наурыз өткен жылдың қазан айынан бері хабар-ошарсыз кеткен болатын. Туыстары олардың жоғалғаны туралы полицияға 25 желтоқсанда арызданған.

    Ауыл тұрғындарының айтуынша, отбасы ешқашан күдік тудырмаған. Олар мал шаруашылығымен күн көріп, көршілерімен тату тұрған.

    Туыстарының сөзінше, жоғалып кетер алдында отбасының ұлы Наурыз WhatsApp арқылы хабарласып, анасының сырқаттанып қалғанын айтып, үйдегі малды сатуға ұсыныс жасаған. Алайда ол тек мәтіндік хабарламалар жіберіп, бейне немесе дауыс байланысына шықпаған.

    Сондай-ақ тергеу барысында отбасының тағы бір қызы 5 қараша күні таксимен ауылдан шығып кеткені анықталған. Ол кейін Индер ауданы аумағындағы жанармай құю бекетінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазіргі таңда оның шетелге, нақтырақ айтқанда Өзбекстанға кеткені белгілі.

    Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына полиция, құтқарушылар, сүңгуірлер және арнайы техникалар тартылған. Қазіргі уақытта тағы екі адамның тағдыры белгісіз.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    адам жоғалуы Атырау облысы
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Түркістан облысында мал субсидиясына қатысты 271 млн теңге жымқырылған

    8 января, 2026

    Атырау облысында жоғалған отбасы: полиция күдіктіні атады

    8 января, 2026

    Әскери қызметкерлер ұлымды “ауру” деп айтуға мәжбүрледі — Шымкентте қаза тапқан сарбаздың әкесі

    8 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    8 января, 2026

    Түркістан облысында мал субсидиясына қатысты 271 млн теңге жымқырылған

    Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін қолдауға арналған бюджет қаражатын заңсыз алу дерегі бойынша үкім шықты, деп жазады QazNews.kz…

    Атырау облысында жоғалған отбасы: полиция күдіктіні атады

    8 января, 2026

    Әскери қызметкерлер ұлымды “ауру” деп айтуға мәжбүрледі — Шымкентте қаза тапқан сарбаздың әкесі

    8 января, 2026

    Актер Мұрат Бисембин қайтыс болды

    8 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.