Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАтырауда отбасы мүшелерінің өліміне қатысты күдікті туралы ақпарат таратылды

Атырауда отбасы мүшелерінің өліміне қатысты күдікті туралы ақпарат таратылды

Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты ориентировка жарияланды, деп жазады QazNews.kz

Атап айтқанда, Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деп күдікке ілінген, марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іздеу карточкасы жарияланған.

«Сәрсемәлиев Сұлтан Самиғоллаұлы. Бір тәуліктен бері іздеуде. Туған күні: 24.04.1996 жыл, жынысы: ер, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты — қазақ. Іздестіру ісі 08.01.2026 жылы “Атырау облысы” өңірі бойынша тіркелген. Бастамашы — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. Іздестіруді жүргізіп отырған орган — Атырау облысының полиция департаменті (тел.: 982155)», — делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған іздеу карточкасында.

Еске салайық, Жангелдин ауылынан шыққан отбасы 2025 жылы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын. 6 қаңтарда Атырау облысында жоғалған отбасының екі мүшесінің — отағасы Мақсот Қарабалиннің және оның жұбайы Нәсіп Үтешқалиеваның мәйіттері табылғаны хабарланды. Кейінірек іс бойынша күдіктілердің жеке басы анықталды.

7 қаңтарда қылмысқа қаза тапқандардың күйеу баласы, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде танылғаны белгілі болды. Ал 8 қаңтарда оның ресми түрде іздеуге жарияланғаны хабарланды.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments