Астанада із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысын іздеу жұмыстары аяқталды. Қыздың денесі Есіл өзенінен табылды, деп жазады QazNews.kz
24 қарашада кешкісін сағат шамамен 18:30-да үйден шығып кеткен қызымен байланыс үзілгенін айтқан әйел полицияға жүгінген.
Осы ақпараттан кейін полиция қызметкерлері мен еріктілер бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы аумақтарды және жағалауды тексерген.
Куәгердің айтуынша, ол таңғы сағат 06:00 шамасында қыздың көпірден өзенге секіргенін көрген. Бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін оқушының денесі судан шығарылды.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.
