Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Басты назардағы жол тораптары: инфрақұрылым сапасы мен қауіпсіздік мәселесі

    20 января, 2026

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    20 января, 2026

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 20 января
    • Басты
    • Саясат

      Газа мәселесі: Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды

      19 января, 2026

      Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

      13 января, 2026

      Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?

      13 января, 2026

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      «Шектеу қоятын кез келді» – Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі бейәдеп контент туралы

      20 января, 2026

      Әскери қызметтегі азаматтарға несие берілмеуі мүмкін

      19 января, 2026

      Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

      15 января, 2026

      «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

      15 января, 2026

      Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

      14 января, 2026
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Алматыда жас ақындар айтысы өтті
    Жаңалықтар

    Алматыда жас ақындар айтысы өтті

    5 декабря, 20253 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін қасиетті қарашаңырақта Абай университеті және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Қазақта қара сөзге дес бермедім» І республикалық жас ақындар айтысы өтті. Қара өлеңнің көрігін қыздырған сөз сайысында еліміздің 10 облысынан, 12 жетекші университетінен келген 14 жас талант бақ сынады.

    Төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдауды мақсат еткен дүбірлі дода – айтыстың алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 210 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және айтыс ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың 50 жылдық мерейтойына арналды.

    Республикалық бәсекені ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп рухани құндылығы жоғары өнер жарысының маңызы мен мәнін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Ұлттық өнерді қолдау – ел руханиятын дамытудағы маңызды қадам екенін айтқан айтыстың бас демеушісі «Таза бренд» отандық өнімдер компаниясының директоры Жібек Аманкелдина жастардың шығармашылық жолына демеу болу – әрбір отандық өнім өндірушінің азаматтық борышы екенін ерекше атап өтті.

    Тапқырлық пен қалжыңнан «қуырдақ қуырған» сөз сайысына айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы Серік Қалиев (қазылар алқасының төрағасы), айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Оразалы Досбосыновтың ұстазы Даубай Әбдісаев, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Мәдениет және Ақпарат саласының үздігі, «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы филиалының жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері  Бақыт Құтпанбай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Шойынбет, айтыскер ақын, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі  Шұғайып Сезімхан қазылық жасады.

    Іріктеу кезеңінде 14 ақын өз өнерлерін ортаға салып, қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болған 8 ақын екінші кезеңге жолдама алды. Үміткерлер шеберлігі сараланып жатқанда, сахнада университет студенттері өнер көрсетіп, концерт қойды.

    Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Ақтөбе облысы А.Жұбанов атындағы университетінің студенті Арай Нұрадинге бұйырды. Ол 400 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал І орынға Алматының қаласы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенті Данияр Болатхан ие болып, 300 000 теңге иеленді. ІІ орынды Алматы қаласыАбай атындағы ҚазҰПУ студенті Санжар Даярбек пен ШҚО С.Аманжолов атындағы университеттің студенті Айғаным Балғабаева өзара бөлісіп,әрқайсысы 200 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық жеңіп алды. 150 теңгеден тұратын ІІІ орын төрт қатысушы: Астана қаласы К.Бәйсейітова атындағы ҚазҰӨУ студенті Марсель Ерсайыновқа, Жамбыл облысы Ш.Мұртаза атындағы университеттің студенті Жанерке Қамбарға, Павлодар облысы Ә.Марғұлан атындағы университетНұрбек Бәкірге және Қызылорда облысы Қорқыт ата атындағы ҚызМУ студенті Дильназ  Ержігіткебұйырды.

    Сонымен қатар, қалған ақындар арнайы номинациялар бойынша 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сайлық иеленді. Олар:

    Есенқұл Жақыпбеков атындағы арнайы жүлде – Ерасыл  Сейтжанұлы (Астана қаласы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ);

    Серік Ыдырысов атындағы арнайы жүлде – Арыстан Ағыбай (Алматы облысы, СДУ);

    Сиязбек Сүлейменов атындағы арнайы жүлде – Серікбол Базылбек (Маңғыстау облысы, Ш.Есенов атындағы университет);

    Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлде – ДаниялБолысбек (Түркістан облысы, Ө.Жәнібеков атындағы университет);

    Темірхан Тебегенов атындағы арнайы жүлде – Абылай Қайратұлы (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);

    Хасен Саматыров атындағы арнайы жүлде – Мағжан Сауытбек (Шымкент қаласы, Саз колледжі).

    Айта кетейік, күні кеше Абай атындағы ҚазҰПУ-да университет түлегі, айтыс өнерінің ақтаңгері, от ауызды, орақ тілді ақын Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығы заманауи үлгіде қайта жаңғырып, ресми түрде ашылған болатын. Онда республикалық жас айтыскер ақындар түрлі дәрістер тыңдап, өнерлерін жетілдіреді. Басты мақсаты – төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып—салмалық қабілеттерін шыңдау. Оразалы орталығы бұдан кейін республикалық және халықаралық жас ақындар айтысын дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақ.

    Абай университеті Айтыс ақындар
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Басты назардағы жол тораптары: инфрақұрылым сапасы мен қауіпсіздік мәселесі

    20 января, 2026

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    20 января, 2026

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 281 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    20 января, 2026

    Басты назардағы жол тораптары: инфрақұрылым сапасы мен қауіпсіздік мәселесі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысында: «Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай…

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    20 января, 2026

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026

    Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

    20 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.