Бейсенбі, 4 июня, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАлматыда тұрғындар шағымы назардан тыс қалмады: жол құрылысындағы кемшілік бойынша мердігерге ескерту...

Алматыда тұрғындар шағымы назардан тыс қалмады: жол құрылысындағы кемшілік бойынша мердігерге ескерту жасалды

Алматы қаласында жол сапасына қатысты тұрғындардың өтініш-шағымдары жедел түрде қаралып, тиісті шаралар қабылдануда. Жуырда Алатау ауданындағы «Рахат – Мәдениет» шағынауданында салынып жатқан жол нысанына қатысты тұрғындар тарапынан түскен шағым негізінде тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды QazNews.kz

Аталған нысанға Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының инженерлері барып, жол құрылысы барысында орын алған олқылықтарға сараптама жасады. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша жол құрылысын жүзеге асырып жатқан BSC Construction мердігер компаниясының өкілдері нысанға шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Филиал инженері Досжан Сұрапбергеновтің айтуынша, тұрғындардың әрбір өтініші мен шағымы мұқият қаралып, жол сапасына қатысты мәселелер бақылауда ұсталады.

– «Жол құрылысы жұмыстарының сапасы тұрақты бақылауда. Тұрғындардан түскен шағым бойынша нысанға жедел барып, тексеру жүргіздік. Анықталған кемшіліктер мердігер мекеме өкілдеріне көрсетіліп, оларды қысқа мерзімде жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда мердігер тарапынан ақауларды ретке келтіру бойынша міндеттеме алынды», – деді Досжан Сұрапбергенов.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалы алдағы уақытта да жол құрылысы нысандарындағы жұмыстардың сапасын бақылауды жалғастырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ететін болады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр