Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАлматыда 1 сәуірден бастап жылу және ыстық су тарифі өседі

Алматыда 1 сәуірден бастап жылу және ыстық су тарифі өседі

1 сәуірден бастап «Алматы жылу желілері» компаниясының жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау тарифі орта есеппен 6%-ға артады. ҚҚС-пен бірге жаңа тариф 5237,365 теңге/Гкал болады,  деп жазады QazNews.kz

Жеке тұлғалар үшін

Тариф 9,8%-ға өседі.

– Үйде ортақ есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін тариф 9004,01 теңгеден 9888,30 теңгеге дейін көтеріледі.
– Ортақ есептеуіш құралдары бар үйлердегі жеке тұлғалар үшін 7364,88 теңгеден 8088,18 теңгеге дейін өседі.

(Көрсетілген сомалар 16% ҚҚС-сыз берілген.)

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс инфляция көрсеткішіне жыл соңына қарай әсер етуі мүмкін. Себебі тариф көтерілгеннен кейін көп ұзамай жылыту маусымы аяқталады.

Ал ыстық су тарифі 1 сәуірден бастап 9%-ға қымбаттайды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр