Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАлматы маңындағы жол апаты: Үндістанның үш азаматы қаза тапты

Алматы маңындағы жол апаты: Үндістанның үш азаматы қаза тапты

Алматы маңындағы жол апатынан зардап шеккен үндістандық студент ауруханада көз жұмды, деп жазады QazNews.kz

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Мәліметке сүйенсек, 2001 жылы туған Рахул Ядав 9 қаңтарда таңертең жансақтау бөлімінде көз жұмған. Қазір марқұмның денесін Отанына жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, осы жол апатынан қаза тапқан тағы екі үндістандық студент — Каран Пармар мен Риширадж Байраттың мәйіттері бүгін Үндістанға жөнелтілгені хабарланды.

Айта кетейік, оқиға 6 қаңтарда болған. Көлікте Үндістанның бес азаматы отырған. Төртеуі — Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің студенттері, ал бірі — турист. Олар Шымкенттен Алматыға жолға шыққан.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments