Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАлматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды

Алматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды

Алматыда 16 қаңтар күні таңғы сағат 07:00-де жауа бастаған қар 18 қаңтар күні сағат 04:00-ге дейін толастамай, осы аралықта шаһар аумағына 18 сантиметр қар түсті.

23 қаңтар күні түнгі сағат 01:30-дан бастап қалада қар қайта жауа бастады. Ол 23:00-ге дейін жалғасады деп болжанып отыр. Кешкі сағат 20:00-дегі мәліметке сәйкес, Алматыда 8 сантиметр қар түскен.

Қаланың қалыпты тіршілік ырғағын сақтап, көлік қозғалысының қауіпсіз әрі үздіксіз жүруін қамтамасыз ету, сондай-ақ қолайсыз ауа райының салдарын барынша азайту мақсатында коммуналдық қызмет көшелерді қардае арылту жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр.

16 қаңтардан бері жол бойына, қиылыстарға, еңіс пен өрге,
жолайырықтарына тайғаққа қарсы арнайы қоспа себу жұмыстары жалғасып келеді.

Осы уақыт аралығында қаланың магистральдық көшелерінен, қалалық маңызы бар жолдар мен жолайырықтардан 105 мың текше метр қар шығарылды.

23 қаңтар күні күндіз қала көшелерін қар құрсауынан арылтуға 75 жедел бригада, 2 479 жол саласы жұмысшысы және 923 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде «Алматы Тазалық» МКК-нің 1 769 қызметкері мен 649 техникасы, сондай-ақ жеке мердігер ұйымдардың 710 жұмысшысы мен 274 техникасы бар.

Жол жиегі мен оған іргелес аумақтарда қарды жинау, сыпыру, қарды бір жерге үйіп жинау жұмыстары жүргізіліп, 2 800 тонна тайғаққа қарсы материал себілді, сондай-ақ 5 220 текше метр қар қала аумағынан шығарылды.

23 қаңтардан 24 қаңтарға қараған түні де жұмыстар бір сәтке толастаған жоқ. Бұл уақытта 851 жол саласы жұмысшысы («Алматы Тазалық» МКК – 556 адам, жеке мердігерлер – 295 адам) мен 631 бірлік арнайы техника («Алматы Тазалық» МКК – 476 бірлік, жеке мердігерлер – 155 бірлік) қала көшелерін тазалауға тартылды.

Анықтама үшін:
Жүк көлігі – 147 бірлік,
МТЗ тракторлары (щеткалы-соқалы) – 81 бірлік,
Қар күрейтін және құм себетін машиналар – 85 бірлік,
«Эпока» – 31 бірлік,
«Пони» – 37 бірлік,
Фронталды тиегіштер – 37 бірлік,
Шағын тиегіштер – 2 бірлік,
Қар тиегіштер – 28 бірлік,
Автогрейдерлер – 12 бірлік,
Автобустар – 23 бірлік,
Бортты көліктер – 14 бірлік,
«Джетбрум» – 14 бірлік,
«Арлан» – 40 бірлік,
Қоқыс таситын көліктер – 38 бірлік,
Патрульдік көліктер – 40 бірлік,
«Шмит» (шнек-роторлы) – 2 бірлік.

Қала көшелерін тазалау барысы тәулік бойы қатаң бақылауда. Осы мақсатта Алматының 24 учаскесінде мердігер ұйымдардың техникасы мен жұмысшы бригадалары қар шығару жұмыстарын үздіксіз жалғастырып отыр.

Қазіргі таңда барлық мердігер ұйым күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріліп, көше бойын тазалау жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жалғасып келеді.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments