Бейсенбі, 10 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырып«Әскерге сау кетіп, балдақпен оралды»: Түркістандық сарбаздың оқиғасы

«Әскерге сау кетіп, балдақпен оралды»: Түркістандық сарбаздың оқиғасы

Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген сарбаз Санжар Жанат казарманың төртінші қабатындағы терезеден құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды qaznews.kz.

Оқиға 3 тамыз күні болған. Зардап шеккен әскери қызметші дереу ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазір оның жағдайын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мәліметінше, сарбаз бұған дейін қызмет жағдайына қатысты шағым айтпаған. Сондай-ақ оқиға алдында ол ата-анасымен кездескен, ал туыстары әскери бөлім басшылығына ешқандай арыз-шағым түсірмеген.

Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрған.

Қазіргі уақытта сарбаздың төртінші қабаттан құлауына не себеп болғаны және оқиғаның нақты қалай болғаны анықталып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр