Әнші Мұқасан Шахзадаевты қандай жаза күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz
Мәліметке сүйенсек, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі — «Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы арқылы денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша қозғалған. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, Ғалымжан Сүлейменнің айтуынша, даудың бәрі әннен шыққан. Мәселені шешу үшін ол Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда соққыға жығылған. «Полиция Мұқасанды емес, мені алып кетті» дейді. Енді «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, «жуан жұдырықты» әншіні жауапқа тартқысы келеді.
Кеше әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
