Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    8 декабря, 2025

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 9 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » СҚО-да бюджет қаражатының 100 млрд теңгеден астамы тиімсіз пайдаланылған
    Жаңалықтар

    СҚО-да бюджет қаражатының 100 млрд теңгеден астамы тиімсіз пайдаланылған

    26 ноября, 20255 Views
    ЖАП
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жоғары аудиторлық палатада Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды, деп жазады QazNews.kz

    Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит аяқталды. Аудит қорытындылары Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды.

    Жүргізілген тексеру соңғы 5 жыл ішінде облыс негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді орындағанын көрсетті. Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) тұрақты өсуі байқалады, ол 2020 жылдан бері 69%-ға артқан. Жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға төмендеген, ал кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен аз азаматтардың үлесі 2,3 пайыздық тармаққа азайған. Сонымен қатар тұрғын үй қоры 600 мың шаршы метрге көбейген.

    Дегенмен аудит барысында өңірдегі өмір сапасына теріс әсер ететін бірқатар факторлар, бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

    Мәселен, облыста халықтың табиғи өсімі азайып, теріс көші-қон сальдосы байқалуда.

    Білім беру саласында үш ауысымды және апаттық күйдегі мектептер проблемасы шешімін таппай отыр. 17 мектепте спорт залы жоқ, 24 мектеп пән кабинеттерімен қамтамасыз етілмеген. Медициналық мекемелердің шамамен 74%-ы тозған.

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының артқанына қарамастан, ЖӨӨ үлесінде олар өндірген өнім көлемінің төмендегені байқалады.

    Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов өңір бойынша көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар кірісінің едәуір төмендегеніне назар аударды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 100 млрд теңгеге азайған.

    «Яғни, өңірдің сауда саласы бойынша салықтық әлеуеті төмендеген. Демек, салық аз төленді, салдарынан жергілікті бюджеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және басқа да жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі де азайды. Біз жағдайды көріп отырмыз, бұл дұрыс емес. Көлеңкелі сектор артқан болуы мүмкін. Бұл бағытта жұмыс істеу қажет», — деді Әлихан Смайылов.

    Өңір үшін стратегиялық маңызы бар объект саналатын «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы назардан тыс қалып отыр. Инженерлік инфрақұрылымның болмауы салдарынан АЭА-дағы кейбір объектілер уақытында пайдалануға берілмеген. Бұл АЭА тиімділігін және инвесторлардың сенімін төмендетеді. Соған қарамастан жергілікті бюджеттен басымдығы төмен жобаларға қаражат бөлінген, мысалы, әкімшілік ғимараттарды реконструкциялауға 7,3 млрд теңге,  театр құрылысына 7 млрд теңге жұмсалған.

    Облыстағы 38 тірек ауыл әлі күнге дейін сапалы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Салынған 79 объектінің 22-сі (10 млрд теңгеге) осы уақытқа дейін пайдаланушы ұйымдарға берілмеген.

    Облыстың көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы жоқ және жол инфрақұрылымының қауіпсіздігіне жеткілікті деңгейде мониторинг жүргізілмейді.

    «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіне берілген баға да басқару мен инвестициялық бағыттарды іске асырудың тиімділігі төмен екенін көрсетті. Мәселен, бірлескен кәсіпорындар құру нәтиже бермей, шамамен 1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік ресурстар шығынына әкелді. Бейінді емес активтерді ұстау 610 млн теңге көлемінде, өңірлік тұрақтандыру қорларының қаражатын пайдалану салдарынан 298 млн теңге көлемінде шығын келген. Бухгалтерлік есеп жүргізуде де 24 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылық анықталды.

    Мемлекеттік сатып алу саласында да заң бұзушылықтар тіркелген. Конкурс рәсімдерін өткізбей, 5,5 млрд теңгеге бір көзден сатып алу арқылы шарттар жасасу, сондай-ақ жұмыстар көлемін қосалқы мердігерге беру жөніндегі шектеулерді сақтамау фактілері анықталды.

    Аудит қорытындысы бойынша:

    28,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық, 112,4 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланылғаны және пайдаланылғаны анықталды;

    111 факт бойынша материалдар әкімшілік  іс қозғау үшін жіберілді;

    Кейбір материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

    аудит заңбұзушылық СҚО
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    8 декабря, 2025

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 554 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 378 Views
    Оқылып жатыр
    8 декабря, 2025

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    Қытай астанасында желіні де, жол салу саласының мамандарын да таңғалдырған ерекше оқиға болды. Тек бір…

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025

    Атырау облысында аңшылық адам өлімімен аяқталды

    8 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.