Сәрсенбі, 26 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпӘлеуметтік желіде былапыт сөз айтқан тағы бір тұрғын қамауға алынды

Әлеуметтік желіде былапыт сөз айтқан тағы бір тұрғын қамауға алынды

Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады.

Жүргізілген іс-шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол — Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары интернет-кеңістігінде құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесу мақсатында ұдайы түрде мониторинг жүргізілетінін, заң талаптарын бұзған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр