2012 жылы бау-бақша серіктестіктерінің бірінің аумағында 62 жастағы әйел зорланып, кейін өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмаған, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Алайда ДНҚ деректер базасының көмегімен полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол – бұрын сотталған, 1964 жылы туған ер адам.
Жүргізілген ДНҚ сараптамасы оның аталған қылмысқа қатысы бар екенін растады.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.


