Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарШымкентте бір отбасының 8 адамы газдан уланып қалды

Шымкентте бір отбасының 8 адамы газдан уланып қалды

Шымкентте бір отбасының 8 адамы газдан уланып қалды, деп жазады QazNews.kz otyrar.kz-ке сілтеп.

Алдын ала болжам бойынша үй мұржасының құрылысы талапқа сай жасалмаған. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Кеше Шымкентте 8 адам табиғи газдан уланып, ауруханаға түсті. Олардың бәрі — бір отбасының адамы. Оқиға Асар шағынауданында тіркелген.

Дәрігерлер уланғандардың бәріне медициналық көмек көрсеткен. Ауруханада ем алған олар үйлеріне шығарылған.

«Қазір зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда», — деді Шымкент ТЖД ресми өкілі Асқар Шәріп.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының дерегінше, қалада жыл басынан бері 236 газдан улану дерегі тіркелген. 3 адам қайтыс болған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр